Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбылдағы жүйелі жұмыс жалғасын табады

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2018 22:33 Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жергілікті бюджеттің салық базасын кеңейту мақсатында басқа өңірлерде тіркелген 14 жер қойнауын пайдаланушылар облыста қайтадан тіркелді.

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов облыстық мәслихат депутаттардың алдында есеп берді. Басқосуда аймақта жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың барысы баяндалды. Жалпы, облыстың алты айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде өсім байқалады. Жекелеген салаларды дамытудың нақты жобалары қолға алынды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Экономикалық өрлеудің өзегі бюджетті мақсатты игеру екендігі айтпаса да түсінікті. Бұл орайда, өңірде құрылыс нысандарын "өзектілікке қарай жоспаралау Картасы" әзірленуде. Сол арқылы бюджет қаржысын 2 есе үнемдеуге жол ашылды.

Жергілікті бюджеттің салық базасын кеңейту мақсатында басқа өңірлерде тіркелген 14 жер қойнауын пайдаланушылар облыста қайтадан тіркелді. Нәтижесінде, жергілікті бюджетке жылда 150 млн.теңгеге қосымша түсімдер түсіп отыратын болады. Сәйкесінше, кәсіпкерлерге де қажетті жағдай жасалуда.

– Екінші деңгейдегі банктер арқылы бірінші тоқсанда 7,4 млрд.теңгеге несие берілген. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 млрд.теңгеге артық. Шағын және орта бизнес субъектілеріне мемлекеттік қолдаудың қаржылай көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2 млрд. 833 млн.теңгеге артты. Инвесторларға қызмет көрсету орталығында 116 инвестициялық жоба дайындалды, – деді облыс әкімі.

Аймақтағы елді мекендерді көгілдір отынмен қамту ісінде де ілгерілеушілік бар. Бұл салада 2019-2022 жылдары жалпы құны 43 млрд. 761 млн.теңге құрайтын 11 жоба жүзеге асырылмақ.

Өңір экономикасының негізі саналатын агро саланы алға жылжытуда егістік алқабын көбейту жұмыстары қолға алынуда.

– Кезінде облыс аумағындағы егістік алқабы 992 мың га болса, бүгінде оның 214 мың га жер айналымнан шығып кеткен. Осы жердің 175 мың гектарын қайтаруға болатыны анықталды. Оның 13 мың гектары биыл қайтаруды жоспарлап отырмыз. Суармалы жерлердің алқабын көбейту үшін каналдарды тазарту және қалпына келтіру мақсатында коммуналдық механикалық отряд құрылып, оның материалдық-техникалық базасын қалыптастыруға 693 млн. теңге бөлінді.Жалпы 3-4 жылда суармалы жерлердің көлемін 96 мың гектардан 192 мың гектарға жеткізу жоспарланды, – деді Асқар Исабекұлы.

Мәслихат мінберінде жасаған баяндамасында жыл соңына дейін 15 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілетіндігін атап өтті. Сондай-ақ облыс аумағында әлеуметтік сала бойынша 32 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Тараз қаласының сәулеттік келбетін жақсартуға да көптеп көңіл бөлінуде.

Облыстағы білім беру ісіндегі негізгі көрсеткіштерге де көңіл толады. Аймақтағы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту үлесі 91 пайызды құрайды. Жыл соңына дейін тағы да қосымша 45 мектепке дейінгі ұйым ашылмақ. Мұнан бөлек, жаңа оқу жылында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ лицей-интернаты өз қызметін бастайды.

Нәтижелі жұмыстар мен орынды бастамаларды денсаулық сақтау, спорт, мәдениет салаларынан да анық аңғаруға болады. Сәйкесінше, ағымдағы жылдың алғашқы айындағы жасалған жұмыс облыстық мәслихат депутаттар тарапынан оң бағаға ие болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: