Индонезияда 80 адам жер сілкінісінің құрбаны болды
Baq.kz
Бірнеше мыңдаған адам қауіпсіз аумаққа көшірілді.
Индонезиялық Ломбок аралында болған жер сілкінісінен құрбан болғандар саны 80-нен асып кетті, деп хабарлайды Baq.kz.
Соңғы мәлімет бойынша, 82 адам қаза болып, жүздеген адам зардап шекті. Бірнеше мыңдаған адам қауіпсіз аумаққа көшірілді.
Сондай-ақ, бірнеше мың үй қираған. Куәгерлердің айтуларынша, жер сілкінісі өте қатты болғаны сондай, Бали аралында демалып жатқандарға сезілген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript