Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл талапкерлер қай мамандықтарға көп құжат тапсырды

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2018 23:39 www.inform.kz
Баспасөз мәслихаты барысында «гранттар саны аз болғанына қарамастан, қай мамандықтарға талапкерлер құжаттарын көптеп тапсырды?» деген сауал қойылды.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов жыл сайын талапкерлер көбінесе қай мамандықтарды таңдайтынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баспасөз мәслихаты барысында «гранттар саны аз болғанына қарамастан, қай мамандықтарға талапкерлер құжаттарын көптеп тапсырды?» деген сауал қойылды.

«Құқықтану, қаржы және медицинаға жыл сайын көп тапсырады. Биыл бұл бағытта айтарлықтай өзгеріс болған жоқ, - деді Асхат Аймағамбетов. «Сонымен қатар, кейбір мамандықтар жабылды деп айтуға келмейді, бірақ оларға мемлекеттік тапсырыс өткен жылдардағыдай аз бөлінді», - деп нақтылады ол.

Вице-министр биыл өте көп жаңа мамандықтар ашылғанын, осы орайда ведомство жаңа лицензиялар бергенін атап өтті.

«Әсіресе, шағын жинақталған мектептер үшін біраз университеттер жаңа мамандықтарды алды. Өйткені шағын жинақталған мектептерде тек қана тарихшы емес, яғни тарих пен география пәнін беруге мүмкіндік болуы тиіс. Сондықтан осындай мамандықтарды қарастырдық. Мұнымен қоса, мемлекеттік тапсырысты да осы мамандықтарға бердік», - деді А. Аймағамбетов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: