Жаңалықтар тізбегі
0

Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы инсульт алып, ауруханаға түскен

sn.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2018 23:47 sn.kz
Ақжарқын Тұрлыбайдың отбасы қаржыдан қатты қиналып отыр, тіпті адвокат ақысын да толық бере алмаған.

Қытайда сотталған Ақжарқынның анасы инсульт алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бірнеше ай ем қабылдаған ол бүгінде жағдайым жақсы екенін айтады.

"Ақжарқын Қытайда ұсталғалы бері үш-ақ рет көрдім. Соңғы рет 2016 жылы сот отырысында кездестім. Одан бері 2,5 жыл өтті. Мен үшін бұл қандай ауыр екенін сөзбен жеткізе алмаймын. Қорғаушыларының айтуынша, жағдайы бірқалыпты. Жұмыс істеп жүр деді. Өзіне қажетті кітаптарды Қытайдағы қорғаушысы апарып беріп жүр. Бірақ саны шектеулі және тек ағылшын тілінде болуы керек", — деген Ақжарқынның анасы Зухра Сейтімова бірінші кезекте ата-әжесі үшін де алаңдап отырғанын жеткізді.

Өйткені Ақжарқын ата-әженің қолында тәрбиеленген. Оның Қытай елінде ұсталды дегенін естіген қариялар үшін бұл хабар қатты соққы болып тиген.

Ақжарқын Тұрлыбай істі болған соң ата-анасы үйлерін сатып, туыстарынан жылу жинаған. Кейін кредит алған. Бас-аяғы жиналған 10 мың АҚШ долларын Қытайдағы қос адвокаттың қызмет ақысы ретінде төлеген. Оның бірі ағылшын және орыс, екіншісі қытай тілін еркін меңгерген. Ал Қазақстандағы қорғаушы Сұңқар Нұрмағанбетов Ақжарқынға ақысыз араша болып келеді.

"Қытайдағы екі қорғаушының қызмет ақысының бір миллион теңгесі қалған. Оны наурыз айында беруім керек еді. Өзім "Қызмет ақысын әлі күнге дейін төлемеген соң, жұмыс істемей жатыр ма екен?" деп ойланып отырмын. Бір миллион теңге біз үшін оңай ақша емес. Өзім екі жерде жұмыс істеймін, тапқан табысым кредитім (Ақжарқын ұсталған кезде қорғаушы ақысын төлеу үшін алынған – автор) мен күнделікті ас-ауқаттан артылмайды. Ақжарқыннан өзге де перзенттерім бар ғой" деп мұңын шаққан ана қаржының жоқтығы қолды байлап отырғанын айтты.

Тіпті Қытай еліне бармақ түгілі, виза жасатудың өзіне ақша таппай отыр екен. СІМ жасап берген виза мерзімі өтіп кетіпті.

"Қорғаушылар үкім өткен жылдың басында шығып қалар деп үміттендіріп еді. Кейін сол жылдың соңында ары кетсе үш айда үкім шығуы мүмкін деп те болжам жасады. Одан бері қаншама уақыт өтті. Қазір хабар жоқ. Адвокаттары күтуден басқа амал жоқ дейді. Үкімнің қашан шығатыны туралы тіпті болжам да жасай алмай отыр ол кісілер. Қорғаушылары қолдарынан келгеннің барын жасап жатқанына сенімдімін. Осы тамыз айының ішінде Қытайдағы қорғаушыларының бірі Алматыға келмекші. Жақсы хабар болар деп үміттеніп отырмын", - деді Зухра Сейтімова.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: