Кейбір өңірлерде жаңа оқу жылында оқулықтар жеткіліксіз болуы мүмкін
Liter.kz
Ол өңірлерге Астана қаласы, Шығыс Қазақстан облысының бір ауданы, Түркістан облысындағы 4 аудан кіреді.
Бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев аймақтардың жаңа оқу жылының басталуына қалай дайындалып жатқанын айтып өтті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
"Жаңартылған мазмұнға көшу жалғасуда. Өткен жылдан бастап 1, 2, 5 және 7 сыныптар жаңа оқу бағдарламасының оқулықтары бойынша білім алуда. 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап 3, 6, 8 сыныптар жаңартылған мазмұн бойынша оқуға көшеді", - деді ол.
Оның айтуынша, оларға арналған оқулықтар дайын, сараптамадан өтті және басылды. Қазіргі уақытта оқулықтарды облыстарға жеткізу жұмыстары жүріп жатыр.
"Бұл әкімдіктердің жауапкершілігінде. Жалпы облыстар көлік компанияларымен кітаптарды жеткізу бойынша келісімшартқа отырған. Бірнеше өңір, соның ішінде, Астана қаласы, Батыс Қазақстан облысындағы Зерен ауданы, Түркістан облысындағы 4 аудан осы күнге дейін бұл жұмыстарды бастаған жоқ. Сол себепті, оқу басталуына 20 күн қалғанда оқулықтарды уақтылы жеткізбеу қаупі аталған өңірлерде орын алып отыр», - деп мәлімдеді министр.
Е.Сағадиев атап өткендей, барлық жергілікті атқарушы органдар осы мәселеге назар аударуы керек.
«Биылғы жылдың соңына дейін балалардың 75 пайызы жаңартылған мазмұн бойынша оқиды», - деді ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript