Шымкенттік тұрғынның үйінен марихуанна тәркіленді

ernur.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2018 17:28 ernur.kz
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде.

Шымкент қаласының полицейлері есірткіге ұқсас өсімдікті анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент ҚІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаратау ПБ жергілікті полиция қызметкерлері «Көкнәр 2018» жедел-сауықтыру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының егде жастағы тұрғынының үйінен есірткі затына ұқсас өсімдік бар екендігін анықтады.

Ондай-ақ, тәртіп сақшылары жергілікті тұрғынның үйін тінту барысында ауласынан 38 түп жасыл түсті ерекше иісі бар марихуанаға ұқсас өсімдік затын тәркілеп алды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелді.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: