«7-20-25»: Қазақстанда құны 7,3 млрд теңге болатын 640 өтінім қабылданды

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2018 20:10 www.inform.kz
Жаңа ипотекалық бағдарламаға кез-келген азамат қатыса алады.

ҚР Ұлттық банкі әлеуметтік жобларждың жүзеге асу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 9 тамызға дейін барлығы 11,9 млрд теңге қарыз алуға 1039 өтінім қабылданды. Оның ішінде 640 өтінім мақұлданды. Бұл өтінімдер бойынша 7,3 млрд теңге несие беріледі», - деді Ұлттық банктен.

«7-20-25» - ҚР Мемлекет басшысының 5 институционалды реформасын жүзеге асыру аясында қолға алынған бағдарлама.

Мамырда қабылданған бағдарламаға сәйкес клиенттер 20 жылға алғашқы 20 пайыз жарнаны төлеп, 7 пайыздық үстемемен үй ала алады.

Жаңа ипотекалық бағдарламаға кез-келген азамат қатыса алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: