Толассыз жауын салдарынан Францияның оңтүстігі су астында қалды
Хабар 24
Елде қауіпсіздіктің қызғылт-сары деңгейі жарияланды.
Францияда толассыз жауын жауып, елдің оңтүстігі топан су астында қалды.
Reuters агенттігінің мәліметінше, Дром, Ардешt және Гаря департаменттері көшелерінде жиналған су деңгейі өзенмен бірдей. Табиғи апат салдарынан із-түссіз жоғалған тұрғындар бар. Мыңдаған кісі қауіпсіз аймаққа көшірілді. Соңғы ақпарға сәйкес қауіптің алдын алу үшін 400 құтқарушы мен тәртіп сақшылары жұмылдырылды. Сонымен қатар жандармерияның 4 тікұшағы көмек көрсету алаңында қызмет етіп жатыр.
Ал синоптиктердің алдағы күндерге болжамы көңіл көншітпейді. Елде қауіпсіздіктің қызғылт-сары деңгейі жарияланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript