Ақша айырбастау пункттерінде доллар құны 367 теңгеге жетті

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2018 17:18 Stan.kz
Доллардың сатып алу/сату бағасы 364-367 теңге, евро - 412-417 теңге, рубль - 5,29-5,39 теңге.

Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 367 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айырбастау бағамы бойынша, доллардың сатып алу/сату бағасы 364-367 теңге, евро - 412-417 теңге, рубль - 5,29-5,39 теңгені құрайды.

Ресми бағам Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша белгіленеді.

Еске сала кетейік, қазақстандық валютаның әлсіреуі ресейлік рубльдің әлсіреуімен байланысты. Өз кезегінде, көрші елдің валютасының құнсыздануы АҚШ-тың ресейге қарсы санкциялар туралы жаңа заңына байланысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: