Отандық тауар өндірушілер АҚШ-қа баж салығынсыз өз өнімін жөнелте алады
Хабар 24
Бүгінде елімізде 2 мыңға жуық тауар өндіруші тұрақты түрде шетелге өнім экспортайды.
Отандық тауар өндірушілер АҚШ-қа баж салығынсыз GSP бағдарламасы аясында өз өнімін жөнелте алады, деп хабарлайды Хабар 24.
Бүгін Америкадан елімізге арнайы келген делегация өкілдері «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының қызметкерлерімен және іскер азаматтармен кездесіп, жобаны жан-жақты талқылады.
Айта кеткен жөн, жеңілдетілген жүйеге тіркелген мемлекеттер 3,5 мың тауар түрін АҚШ-қа сатуға мүмкіндік алады. Былтыр осы талапқа сай келген отандық тауарлардың жалпы құны 80 млн долларға жетті.
Бүгінде елімізде 2 мыңға жуық тауар өндіруші тұрақты түрде шетелге өнім экспортайды.
- Жеңілдетілген бағдарлама аясында феррохром, ферросилиций сынды өнімдер экспортталады. Енді біз басқа да тауар түрлерін, ауыл шаруашылығы өнімдерін осы жоба шеңберінде жөнелтуді көздеп отырмыз. Зергерлік бұйымдарды да тасымалдауға болады. Біздің қазақстандық компаниялар үшін бұл зор мүмкіндік, - дейді Қазақстан Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Аян Еренов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript