Қазақстан қалалары бойынша айт намазының уақыттары
2018 жылдың 21 тамызы - Құрбан айттың бірінші күні, деп хабарлайды Zakon.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан қалалары бойынша айт намазының уақыты төмендегідей:
1. Астана қаласы - 07:00
2. Алматы қаласы - 07:00
3. Алматы обл. - 07:00
4. Ақтөбе - 07:00
5. Ақмола - 07:00
6. Атырау - 07:30
7. Ақтау - 07:15
8. БҚО – 07:15
9. Жамбыл - 07:00
10.Қарағанды - 06:30
11.Қостанай - 08:00
12. Қызылорда - 07:30
13. Шымкент - 07:00
14. Талдықорған - 07:00
15. Павлодар - 07:00
16. ШҚО - 07:00
17. СҚО - 07:00
18. Семей – 07:00
19. Жезқазған – 07:00
20. Түркістан облысы - 07:00
Құрбан (араб тілінде) – «жақындау» деген мағынаны білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – Алла Тағаланың ризашылығына жақындау ниетімен Құрбан айт күндерінде шалынатын арнайы малдың аты.
Құрбан айтта құрбан шалудың үкімі
Ханафи мәзһабында Құрбан айтта шамасы жеткендерге құрбан шалу – уәжіп.
Уәжіптігінің дәлелдері:
Алла Тағала Құран Кәрімде: «Намаз оқы және құрбан шал»[4] – деп, әмір етіп, құрбан шалудың уәжіптігін білдіреді. Пайғамбарымыз ﷺ:
«Кімде-кім мүмкіншілігі бола тұра құрбан шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!» – деп бұйырған.
Әрине, бұндай қатаң ескерту, кем дегенде, құрбан шалудың уәжіптігін білдірсе керек. Пайғамбарымыздың ﷺ: «Құрбан шалыңдар! Өйткені ол Ибраһим әкелеріңнің сүннеті», – деуі құрбан шалудың уәжіптігіне теріс емес. Өйткені «сүннет» жолы деген мағынаны білдіреді. Яғни, бізге уәжіп болған құрбан шалу – Ибраһимнің жалғаса келген жолы деген мағынаны меңзейді.