Синоптиктер демалыс күндеріне арналған ауа райын болжады

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2018 18:16 24.kz
Күн күркіреп, екпінді желмен жылы жаңбыр күтіледі.

«Қазгидромет» РМК 18-20 тамыз аралығына арналған ауа райы туралы ақпаратты таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның көптеген облыстарындағы ауа райына Түрікменстан аймағынан келетін жылы циклон әсерін тигізетін болады.

"Күн күркіреп, екпінді желмен жылы жаңбыр күтіледі. Температура солтүстікте, орталықта және шығыста түнде 13-23 дейін, күндіз 25-35 градусқа дейін жылы, оңтүстікте түнде 17-22, күндіз 28-26 гардус жылы, батыста антициклонның шығуымен түнде 7-15 дейін, күндіз 17-25 градус жылыға дейін температураның төмендеуі күтіледі", - деп хабарлады Қазгидромет.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: