Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР ДСМ: 2019 жылға тегін дәрілерді сатып алу рәсімі басталды

mz.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2018 17:45 mz.gov.kz
Биыл 45 ауру бойынша диспансерлік есепте тұрған науқастарды емханада емдеу үшін дәрі-дәрмектердің 550-ден астам атауы бекітілді.

Медициналық ұйымдар қазақстандықтар үшін 2019 жылы тегін медициналық қызметтерді көрсетуге қажет болатын дәрі-дәрмектерге өтініш білдіре бастады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекованың айтуынша,тегін дәрі-дәрмек үшін сатып алынатын дәрілер мен медициналық бұйымдардың тізімі 1144 жолдан тұрады. Оған дәрілердің 829 атауы мен 315 медициналық бұйым кірген.

«Биыл 45 ауру бойынша диспансерлік есепте тұрған науқастарды емханада емдеу үшін дәрі-дәрмектердің 550-ден астам атауы бекітілді. Өткен жылы дәл осындай мақсатта 482 атаумен дәрі-дәрмектер сатып алынған», - деді Людмила Бюрабекова.

«СК-Фармация» ЖШС басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп сатып алу процедурасы барлық препараттар бірыңғай дистрибьютордың қоймасына үстіміздегі жылдың соңына дейін түсу үшін қажет екенін айтады.

«Тендерлік процедуралар екі айдай уақытты алады. Тендердің нәтижелері бойынша келісім шарттар жасалып, дәрі-дәрмектер қоймаларымызға жылдың аяғында түсетін болады», - деді Б. Шәріп.

Бірыңғай дистрибьютердің айтуынша, препараттарды алуға жіберілген өтініштер бірден бекітілмейді. Ауруханалар мен емханалар «СК-Фармациямен» келісім жасау кезінде өтініштерге тағы бір мәрте түзетулер енгізе алады.

«СК-Фармация» ЖШС басшысы биылғы жылы дәрі-дәрмек пен медициналық бағыттағы бұйымдарды сатып алу алғаш рет электрондық форматта жүргізілетінін айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: