Жаңалықтар тізбегі
0

Исекешев: Үш жыл ішінде су басу мәселесі шешіледі

abctv.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2018 18:11 abctv.kz
Астанада тек нөсерден кейін су басу мәселесімен айналысатын кәсіпорын құруды ұсынды.

ҚР Үкіметі отырысында Астана әкімі Әсет Исекешев қаладағы су тарту және кәріз жүйесін жаңғырту бойынша жүріп жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

«Қалада кәріз жүйесін, су тарту жүйесін жүргізу, Мемлекет басшысының 2016 жылы берген үш жылдық бағдарламасына байланысты дайындалды. Бөлінген қаражат аясында біз 2019 жылға дейін толықтай ауыстырып шықпақпыз. Әкімдік үлкен жетістікке жетті. Өткен жылы Тұран, Ұлы далада, 31-ші көшеде, Көктал ауылында, Мың Жылдық аллеясында және Сейфуллин көшесінің бойында тазарту қондырғыларын аяқтадық. Бір жыл ішінде, асқан жылдамдықпен Тұран-Сығанық тазарту қондырғыларын көшіру мен қайта қалпына келтіруді аяқтадық. Бейсекова-Қорғалжын тас жолының жоғары жағындағы арық суларыннан тазарту үшін 15 шақырымға дейін бағыттаушы коллектор орнатылды. Мың Жыдық аллеясы мен Тельман маңындағы теміржол вокзалының жанында құрылыс жұмыстары басталды», - деді ол.

Әкімнің айтуынша, қалада «шын мәнінде күрделі жерлер бар».

«Ең қиыны - Ақбұлақ, Момышұлы ескерткішінің ауданы, ол жаққа ағын сулар ағады, үлкен аудандардан - Абылайхан көшесі, Молодежный шағын ауданы, Оңтүстік-Шығыс, сондай-ақ жаңа қарқынды дамып келе жатқан аймақтар мен жаңа жолдар - Қошқарбаев көшесі, Тәуелсіздік, Мың Жылдық және басқалар. Ағынды суларды екі есе арттыру үшін күрделі техникалық шешімдер табылды, жоба әзірленді - 2019 жылы іске асырылатын болады. Осылайша, мінсіз қаржыландыруды ескере отырып дайындалған бағдарлама жедел түрде іске асуда. Осы үш жыл ішінде негізгі мәселелер шешілетін болады», - деп сендірді ол.

Исекешев сондай-ақ, жақында болған жауын-шашынның салдарын жою үшін коммуналдық қызметтер қабылдаған шаралар туралы баяндады.

Астанада кеше және алдыңғы күнгі жауған жауын, көпті әбігерге салды. Қазгидрометтің хабарлауынша, 1,5 тәуліктің ішінде 45 мм жауын-шашын жауған, бұл бір айлық қалыпты дейгейден 1,5 есе көп. Қазір қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес, арықтар 20 минут тоқтаусыз жауынға арналған. Ол толғаннан кейін, 4 сағат шамасында су тартылады. Мысалы 21 тамыз күні бойы жауын жауды, бірақ көшелерді су баспады. Ал 20 тамыз күні шамамен сағат 17-лерде тоқтаусыз нөсер жауды, оның салдарынан 3 күрделі орталықты су алып кетті. Бірақ белгіленген нормаларға сәйкес су тартылды, - деп түсіндірді Астана қаласының әкімі.

Оның айтуынша, барлық коммуналдық қызметтер екі күн бойы күндіз-түні жұмыс істеді.

Бақытжан Әбдірұлы екі күн бойы тұрғындардың шағымдары бойынша коммуналды қызметтің қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істегенің атап өткім келеді. Тағы қосып айтарым, қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес 20 минут тоқтаусыз нөсердің салдарынан мұндай жағдай қайталануы ықтимал. Мысалы, осы жылы жақсы кәріз жүйесі бар Сингапур, Мәскеу, Киев, Германия, Америка Құрама Штаттары және Франция сияқты мемлекеттерде, нөсер кезінде су тасқыны болды, - деді Исекешев.

Әкімдік бұл мәселені үкіметтің қолдауымен арнайы бақылауға алады. Бірақ Бақытжан Әбдірұлы сізге бір өтінішім бар. Бүгінгі күні табиғи монополиялар туралы заңда нөсерден келген суды тарту қызметі белгіленбеген. Бұған сәйкес, біз Астанада нөсер мен жауын- шашыннан түскен суды тартып, осы жүйені реттеп отыратын кәсіпорын ашқымыз келеді. Ол Астана- Тазалық базасына кіреді. Министрлікке осы мәселе бойынша нұсқау берулеріңізді сұраймыз, ал ары қарай біз оны жүзеге асырамыз. Тазалықты жекешелендіру бағдарламасынан алып тастау керек, сонда ол тек қана арық пен кәріз жүйелері бойынша жұмыс істейді, - деп сөзін қорытындылады Исекешев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: