ШҚО-да жаңа оқу жылынан бастап оқушыларға смартфон мен планшет ұстауға рұқсат етіледі
Жаңа оқу жылынан бастап оқушыларға смартфон және планшет ұстауға рұқсат етіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қазан айынан бастап оқулықтардың электронды нұсқасы қол жетімді болатынын жазған едік. Оларды планшеттерге жүктеу үшін арнайы QR-код та жасалған.
– Мектептер оқулықтың қағаз немесе электронды түрін қолданады. Таңдау өздерінде. Бірақ ата-аналардың мүмкіндігі ескерілуі тиіс. Егер бала планшетпен оқығысы келсе және оған мүмкіндігі болса, мархабат. Ал олай болмаған жағдайда, мемлекет тегін оқулықтармен қамтамасыз етуге қашан да дайын, – деп сөйлеген «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Бейбітгүл Каримова аталмыш жаңалықтың жағымды жақтарын атап өтті.
Мысалы, – дейді Бейбітгүл Каримова, – сіз отбасыңызбен демалуға бір жерге барсаңыз, баланың қолында электронды оқулық болады. Ол аяқталмаған тапсырмаларын істейді немесе өткен сабақты қайталай алады.
Өскемендегі білім бөліміндегілердің айтуы бойынша, бұрын мектептерде смартфон немесе планшет ұстауға тиым салып келген. Енді жаңа жүйеге көшсе, қайта рұқсат бермек көрінеді.
– Смартфондарды оқу үрдісіне қатысы болған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Бірақ біз бұл мәселені әлі де қарастырамыз, – дейді ведомство басшысының орынбасары Дмитрий Журавлев.
ШҚО-да жаңа жүйені қабылдау мәселесе, тамыз конференциясынан кейін нақты шешімін табады.