Цифрландыру жағынан кемшін қалған Ақтөбе қан орталығы әлі күнге архив ақтаруға мәжбүр
Сурет: zakon.kz
Еліміздегі 14 облыс пен екі ірі қаланың ішінде жалғыз Ақтөбе ғана қаржының тапшылығынан «Ақпаратты Қазақстан» жүйесіне жете алмай отыр.
Биыл қан тапсырушылардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда 500 адамға артқан. Ақысыз донорлардың саны көбейген, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.
Облыстық қан орталығының бір кемшілігі цифрлы ақпараттандыруға әлі қосылмаған. Еліміздегі 14 облыс пен екі ірі қаланың ішінде жалғыз Ақтөбе ғана қаржының тапшылығынан «Ақпаратты Қазақстан» жүйесіне жете алмай отыр.
«Республикалық рейтинг бойынша алдыңғы орындарды иеленіп тұрмыз. Көрсеткішке шаққанда Батыс Қазақстан облысы, Павлодар, Қарағанды облыстарынан кейін 99 пайыз көрсетіп біздің облыс орналасқан. Бұл да бір үлкен дәреже деп ойлаймын. Жете алмай жатқан бір белесіміз цифрлы ақпараттандыру. Соңында қалдық десек те болады. Бізге донор келіп қашан тапсырғанын білу үшін бүкіл архивты ақтарамыз. Егер жүйе орнаса бірден тауып беруге болатын еді», — дейді Ақтөбе облыстық қан орталығы бас дәрігерінің орынбасары Гүлсім Әбдірахманова.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript