Алматы облысында үш ауысымды мектептер саны азаймай тұр

www.24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2018 15:35 www.24.kz
Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға да баса назар аударылып отыр.

Жетісу өңірінде үш ауысымды мектептердің саны азаймай тұр. Қазіргі таңда Алматы облысында осындай 27 мектеп бар. Олардың қатарын азайту үшін жаңадан 4 білім нысаны салынып жатыр. Бұл туралы zakon.kz, Хабар 24 арнасы жазған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Тағы 8 мектептің құрылысы келесі жылы жүргізіледі. Қалған 15-нің жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеумен тиісті мамандар айналысуда.

Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға да баса назар аударылып отыр. Бұл мақсатқа биылдың өзінде 2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген.

Гүлсара Исағұлова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары: – Биылғы жылдың өзінде облыстың мектептеріне 20 мыңнан астам оқушы қосымша келіп отыр. Биылғы жылы 45 мың оқушыны бірінші сыныпқа қабылдап отырмыз. Жылдан жылға бала саны артып жатыр. Ол өсім – демографиялық. Бір шетінен бұл өте қуанарлық мәселе деп ойлаймын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: