Жаңалықтар тізбегі
0

Бас прокуратурада ФТБ делегациясымен кездесу өтті

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2018 23:29 sputniknews.kz
Кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы экстрадициялау тәртібі арқылы тұлғаларды ұстап беру мәселесі жеке қозғалды, сондай-ақ сотталғандарды өз мемлекеттерінде жазасын өтеу үшін беру айтылды.

Бүгін Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров Федералдық Тергеу Бюросы (ФТБ) Директорының орынбасары Дэвид Л. Боудич бастаған делегациямен кездесті деп хабарлайды zakon.kz.

Шетелдік әріптестер өзара құқықтық көмек көрсету сауалдарын жүзеге асыру бойынша екіжақты сындарлы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Соңғы 3 жылда жалпы 16 сауал түскен, оның ішінде АҚШ ФТБ-дан 6 және олардың барлығы толықтай көлемде іске асырылды.

Кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы экстрадициялау тәртібі арқылы тұлғаларды ұстап беру мәселесі жеке қозғалды, сондай-ақ сотталғандарды өз мемлекеттерінде жазасын өтеу үшін беру айтылды.

Бұдан бөлек, ФТБ делегациясы қадағалау органының қызметтері, оның міндеттері мен функциялары, халықаралық ынтымақтастық саласындағы жетістіктер және елімізде жүргізіліп жатқан қылмыстық саясатты жаңғырту, сондай-ақ ізгілендіру бойынша реформалар туралы хабардар етілді.

ФТБ-ның трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл жұмысында үлкен тәжірибесін атап өткен Қ. Қожамжаров осы мәселеде екіжақты қарым-қатынасты кеңейтуге дайын екендігін жеткізді.

Кездесуде Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметі, сондай-ақ әлемнің құқық қорғау органдары қызметкерлері үшін бірегей оқыту бағдарламасымен танымал ФТБ-ның Ұлттық академиясымен тәжірибе алмасу да сөз болды.

Кездесу соңында Бас Прокурор әріптестеріне сапарлары үшін алғыс айтып, екіжақты қарым-қатынастың нығая түсетініне сенім білдірді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: