Жаңалықтар тізбегі
0

Теміртаудағы оқиға: Барлық балабақшаларға бейнебақылау камералары орнатылады

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2018 20:39 ҚазАқпарат
Теміртаудағы жеке балабақшаның тәрбиешісі түскі демалыс уақытында бүлдіршінді тұншықтырған.

Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов Теміртаудағы балабақшада бүлдіршінді тұншықтыру оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барлығымыз бала тәрбиелеп жатырмыз. Әрине, Теміртауда болған оқиға ақылға сыймайды. Бейнебақылау камераларын орнату ұсынысы бойынша тиісті құжаттарды пысықтап жатырмыз. Осы орайда барлық балабақшаға видео камераларды орнату шараларын ескеріп отырмыз», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Теміртаудағы жеке балабақшаның тәрбиешісі түскі демалыс уақытында бүлдіршінді тұншықтырған.

Бейнеролик 27 тамыз күні әлеуметтік желілерде пайда болды. Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізу барысында «Shok_krg» парақшасынан әйел адамның баланың үстінен көрпемен басып, еркінен тыс ұстап тұрғаны бейнеленген видеоны анықтаған.

Полицияда мәлім еткендей, видеоны зерттеу барысында қаланың балабақшаларының бірінде жұмыс істейтін 50 жастағы тәрбиешінің аты-жөні анықталды. Оның сөзінен белгілі болғандай, кішкентай қыз түскі демалыс уақытында тәрбиешісінің тілін алмай, төсекте секіре берген. Оған шыдамаған әйел адам баланы көрпемен қысып ұстап тұрған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: