Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысындағы мектептер жаңа оқу жылына дайын

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2018 20:01 Zakon.kz
2018 жылы 1076 білім беру нысанын ағымдағы жөндеуден өткізуге жергілікті бюджеттен 523,5 млн теңге бөлінді.

Түркістан облысындағы білім ұяларында жаңа оқу жылына және жылыту маусымына дайындық ойдағыдай жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінде 1289 білім беру мекемесінде гидравликалық сығымдау жұмыстары аяқталды. Қатты отынды (көмір) пайдаланатын 849 білім беру мекемесіне қажетті 131863,5 тонна отын толығымен тасымалданды. Оның ішінде мектепке 109181,4 тонна, балабақшаға 13391,0 тонна қатты отын жеткізілген. 78 білім беру мекемесіне қажетті 3 379,7 млн литр сұйық отын да тасымалданған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2018 20:01

2018 жылы 1076 білім беру нысанын ағымдағы жөндеуден өткізуге жергілікті бюджеттен 523,5 млн теңге бөлінді. Бүгінде барлық нысандарда жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ биыл 47 білім нысанының күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық және жергілікті бюджеттен 4,4 млрд теңге бөлінген. Осы 47 нысанның 4-уі Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдарының теңгеріміне өтті. Ал, Түркістан облысында қалған 43 нысанның 39-да күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, 2-уі 2019 жылға өтпелі. Жөндеу жұмыстарының мерзімі кешіккен екі білім ұясы таяуда тапсырылмақ.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2018 20:01

Түркістан облысында мектептері жоқ елді мекендерде және білім ұялары шалғайда орналасқан 11623 оқушы 237 автокөлікпен тасымалданады. Бұл мәселе толық шешімін тапқан. 664 мектепте ыстық тамақ ұйымдастырылған. Ыстық тамақпен 405 145 оқушы қамтамасыз етіледі, ал, тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны – 22777.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2018 20:01

Облыста биыл «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында 138 млн. 883 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Өңірде қажетті оқулықтарды сатып алуға және жеткізуге жергілікті бюджеттен 4,9 млрд. теңге бөлініп, оқулықтарды тасымалдау 100 пайызға орындалды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2018 20:01

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: