Мәскеу метросында полицейді атып кетті
Александр Демьянчук
Күдікті оқиға орнынан ізін суытты.
Белгісіз біреу Мәскеудегі «Курская» метро стансасында күзет полициясын атып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«ІІБ 4-ші бөлімінің полицейі Мәскеу метрополитенінде ұсталған азаматты әжетханаға ертіп әкеткен. Содан кейін аумақты тазалап жүрген адам тарс еткен дыбысты естіп, қызметкердің өлі денесін байқаған. Азаматтың басына оқ тиіп, оқиға орнында көз жұмды», - делінген агенттік хабарламасында.
Күдікті оқиға орнынан ізін суытты. Құқыққорғау органдары өкілінің айтуынша, қылмыскер өз қаруынан атқан. Қаза тапқан полицей ішкі істер органдарындағы қызметін аяқтамақшы болып жүрген екен.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript