Еліміздің кей өңірінде жаңбыр жауып, арты қарға ұласады

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2018 15:09 24.kz
Кей жерлерде жаңбыр жауады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың солтүстік-батысында және шығысында кей жерлерде жаңбыр жауады. Шығыс жартысында түнде жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның қалған территориясына антициклон әсер етеді, онымен бірге жауын-шашынсыз ауа-райы болжанады. Кей жерлерде жел соғады, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұруы мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталық аумақтарының кей жерлерінде ызғар болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды ​​облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел соғады, күші 15-20 м/с, тұман түседі.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Түркістан, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді.

Қызылорда және Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді. Қызылорда облысында күндіз желдің екпіні 23 м/с болады.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде өрт шығу қауіп бар.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 3 градус ызғар болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: