Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбылда ашық жарасы асқынған әжейдің қарны ақтарылуға шақ

www.prolaps-matki.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2018 17:29 www.prolaps-matki.ru
Операциядан кейін аймақтық ауруханада алты күн жатқан науқас қазір үйіне шығарылды.

Жамбылда жарасы асқынған әжейдің іш құрылысы іріңдеп жатыр. Науқас ауруының асқынуын дәрігерлерден көреді. Бір ай бұрын қан қысымы көтеріліп құлап қалған Баян әжей қарнын жарып алған. Бұл туралы zakon.kz, Астана телеарнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Жамбыл аудандық аурухана дәрігерлері дабыл қағатындай дәнеңе жоқ деп тілінген жарасын тігіп бермеген. 2 аптадан кейін ашық жарасы асқынған Баян Қалменова жедел жәрдеммен облыстық ауруханаға түседі. Ондағылар іріңдеп кеткен оймақтай жараны ота арқылы ойып алады.

Операциядан кейін аймақтық ауруханада алты күн жатқан науқас қазір үйіне шығарылды. Ашық жарасы асқынғаны сонша, іш құрылысы ақтарылып қалатындай күйге жеткен.

Баян Қалменова, Қызыл дихан ауылының тұрғыны: Айтты болды деп. Тікпейміз деп. Бара беріңіз деді. Мен осылай өңірейіп жүре берем ба десем, уайымдамаңыз өзі бітеді деді. Бітпейді қайдағы? Қарным қандай болып жатыр. Мінекей міне, ішек қарын бәрі көрініп тұр.

Баян әжейге ота жасаған облыстық аурухананың "шығу анықтамасында" жараның іріңдегені айтылған. Адам көргісіз жараны аудандық аурухана дәрігері өзі бітпей жіппен тікпейміз деген. Әжейге, жарасы жазылғанша бақылауда болу керек деп, кеңес береді.

Атамбай Досмұхан, Жамбыл аудандық орталық аурухананың хирург дәрігері: Бізге келген күні 13 күні, мен оны анық білемін, ешқандай ірің болған жоқ. Бірақ қарайған тіндер болды. Мен түсіндіріп айттым. Қарайған тіндерді жақында аламыз. Кішкене перевязка жасап, шекарасы анық болсын деп.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: