Тоқаев Сенаттың алдында тұрған міндеттер туралы айтты
juldyz.kz
Сенаторлар құқық қорғау жүйесін реформалауға айрықша көңіл бөлетін болады.
Күн тәртібін қарастыра келіп, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттарға алтыншы шақырылымның төртінші сессиясындағы Палата жұмысының негізгі бағыттарын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Біздің алдымызда тұрған айнымас меже айқын, яғни елімізді дамыған мемлекеттердің қатарына қосу жолында аянбай еңбек етіп, кешенді шаралардың орындалуын заң тұрғысынан қамтамасыз ету. Елбасы атап өткен түпкі мақсат еліміздің әл-ауқатын одан әрі жақсартып, ел экономикасын дамыта түсуді көздейтін жұмыстарды орындауда депутаттарға зор жауапкершілік жүктейді", - деді Тоқаев.
Сенат төрағасы Мемлекет басшысының құқық қорғау жүйесін реформалауға айрықша көңіл бөлгенін еске салды.
"Бұл салада орын алып отырған кемшіліктерді атап өтті. Біз осы саланы реттейтін заңдарды жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізетін боламыз. Сонымен қатар, қылмыстық заңнаманы экономикалық қызмет саласында ары қарай ізгілендіруді көздейтін заңнамалық түзетулердің топтамасын қарастырамыз", - деп атап өтті Тоқаев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript