Жаңалықтар тізбегі
0

Жедел жәрдем дәрігерлері өлейін деп жатқан қарияның соңғы арманын орындады

stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2018 17:59 stan.kz
Рон Маккартни қатерлі ісіктен зардап шеккен.

Квинсленд қаласында жедел жәрдем дәрігерлері қатерлі ісік салдарынан демі үзілейін деп жатқан 72 жастағы Рон Маккартнидің соңғы тілегін орындады. Фельдшерлер оның жақсы көретін балмұздағын алу үшін «Макдоналдсқа» баруға келіскен. Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Анам екеуіміз жедел жәрдем дәрігерлеріне қалай алғыс білдіретінімізді білмеймін. Олар әкемнің жағдайы нашарлаған сайын келіп тұрды», – дейді Ронның қызы.

Рон Маккартни қатерлі ісіктен зардап шеккен. Ол өлер алдында тек бір нәрсені жасап үлгергісі келіпті – өзінің сүйікті тәттісін жеу. Қарияның қызының айтуынша, балмұздақ – әкесінің өздігінен жей алатын жалғыз асы болған.

«Ронның әйелі оның соңғы екі күн бойы нәр татпағанын айтты. Сол кезде біз одан: «Егер бірдеңе жей алсаң, нені таңдар едің?» – деп сұрадық. Пациент: «Жеміс қосылған карамельді балмұздақ», – деп жауап берді», – дейді жедел жәрдем қызметкері.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: