Роналду жаттығу алаңына көзі көгеріп келді

Рамблер/спорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2018 21:47 Рамблер/спорт
33 жастағы португалиялық 2018 жылдың шілде айында "Ювентус" клубына ауысты.

Туриндік "Ювентустың" португалиялық форварды Криштиану Роналду жаттығу алаңына көзі көгерген күйде келді. Мұны клубтың ресми сайтында жарияланған суреттерден көруге болады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

5 қыркүйек күні түсірілген суреттерден португалиялық шабуылшының сол жақ көзінің асты көгеріп тұрғанын байқауға болады. Бұған Италия чемпионатында "Пармаға" қарсы ойын барысында көзіне тиген соққы себеп болуы мүмкін.

Туриндік клубқа келгелі форвард гол соғып көзге түспеді. Биылдыққа Роналду А сериясында үш матч өткізіп үлгерді.

Естеріңізге сала кетсек, 33 жастағы португалиялық шілде айында италиялық клуб қатарына қосылды. Кейін "Ювентустың" трансферге 100 миллион еуро жұмсағаны хабарланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: