Қытайға жөнелтетін табиғи газ мөлшері артады

altaynews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2018 21:47 altaynews.kz
Жоспар бойынша, осы күз аяқталғанша шығыстағы көршіге елімізден 5 миллиард кубметр газ бармақ.

Қытайға Қазақстан мен Ресейден баратын табиғи газ мөлшері артпақ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл ақпаратты China News Service сайтына сілтеме жасай отырып, Риа Новости таратты.

– Қытай 2017 жылы орталық Азия елдерінен 94,6 кубметр табиғи газ импорттаған. Таяуда Қазақстан мен Ресейден келетін газ мөлшерін ұлғайтпақ, – дейді агенттік өкілдері.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев қытайға газ жөнелту ісі 2017 жылы басталып кеткендігін айтқан болатын тамыз айында. Жоспар бойынша, осы күз аяқталғанша шығыстағы көршіге елімізден 5 миллиард кубметр газ бармақ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: