Жаңалықтар тізбегі
0

Дәрігерлер тырнағын кеміруді әдетке айналдырған бойжеткеннің саусағын кесіп тастады

stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2018 18:57 stan.kz
Кортни Уиторн есімді студент қыз тырнағын кеміруді әдеткен айналдырғандықтан, саусағынан айырылды.

Дәрігерлер тырнағын кеміруді әдетке айналдырған бойжеткеннің саусағын кесіп тастады. Бұл туралы The Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

20 жастағы қыз үрейленген кезде тырнағын кеміре бастайтынын мойындады. Ол мектепте оқыған кезде оқушылар өзіне жиі тиіскен көрінеді. Алайда біраз уақыттан кейін оның саусағы қарая бастағанда, қыз қатты шошып кетіп, оны туыстары мен достарынан жасырып жүреді. Бұл 4 жыл бойы жалғасқан.

Кортни дәрігерге қаралуды ұйғарған кезде, оның акральді-лентигиозді мелаонма дертіне шалдыққаны анықталған. Хирург қыздың қарайып кеткен саусағын кесіп тастап, денесінің сау бөлігінің үлгісін бипосияға жіберген. Нәтижесінде қыз өзінің диагнозын білді.

Уиторн институтта психология факультетінің екінші курсында оқыған. Алайда ол жаза алмайтындықтан, оқуын бір жылға тоқтата тұруына тура келді. Оған бүгінге дейін 4 ота жасалған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: