Ресейлік боксшымен жекпе-жек кезінде Фируза Шәріпованың мұрыны сынған
Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шәріпованың ресейлік Юлия Куценкомен жекпе-жек кезінде мұрыны сынған, деп хабарлайды Vesti.kz.
Айта кетейік, Шәріпова жеңіл салмақта IBA чемпиондық атағын қорғап қалған болатын. 10 раундқа жоспарланған кездесу соңына дейін жалғасып, жеңімпаз төрешілер шешімі бойынша анықталды. Шаршы алаңдағы шайқаста басымдығын байқатқан Фируза жеңіске жетті. Жекпе-жектің видеосын мына жерден көруге болады.
Шәріпова бірінші рет жарақат алып тұрған жоқ. Ол 2017 жылы наурызда спарринг-серіктесімен бастары соғылып, бірақ ол ресейлік Юлия Чернобородовамен, желтоқсанда қолын ауыртып алып, бельгиялық Джемилла Гонтарюкпен жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті.