Жаңалықтар тізбегі
0

Баян Мақсатқызы: Ер адам әйелден бір саты жоғары тұрады

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2018 21:54 Stan.kz
Продюсер анасын туған күнімен құттықтады.

Мұхитденовтер отбасы алтын той өткізуге дайындалып жатыр. Баян Алагөзованың ата-анасы 50 жылдық мерейтойын жасамақ, деп хабарлайды Stan.kz.

“Жарты ғасыр бұрын кездесіп, бірге бақытты ғұмыр кешу ең бақытты сәт. Мен әкесі абыройлы, анасы дана керемет отбасында өстім. Әкеге деген құрмет ананың тәрбиесінен беріледі деп ойлаймын. Балалар еш уақытта әкесі мен анасын бөлген емес. Ер адам үнемі бір саты жоғары тұрады. Ол әкең болса, тіпті он саты биікте болады. Біз отбасымызбен ата-анамыздың алтын тойына дайындалып жатырмыз”, – деп жазды Баян Алагөзова желідегі парақшасында.

Баян Мақсатқызы желіге қазақ тіліндегі тойдың шақыру билетін жариялады. Тойдың нақты күні мен өтетін жері нақты көрсетілмеген.

Желі қолданушылары той иелерін мерейтоймен құттықтап, ізгі тілегін жазып жатыр.

“Бірге қартаюды жазсын, қуаныштарыңыз ұзағынан болсын”, “Жүз жасаңыздар”, “Алтын той бәрімізге нәсіп болсын”, – деп жазады желідегілер.

Продюсер анасын туған күнімен құттықтады.

“Анашым, туған күніңізбен! Сіз біздің барымызсыз”, – деп жазды Баян Мақсатқызы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: