Қанат Айтбаев Димаштың болашақта ұстаз болуы мүмкін екенін айтты

sn.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2018 18:04 sn.kz
Димаш бүгінде оқуын композиция саласы бойынша жалғастырмақ ниетте.

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі ұлының болашақта ұстаздыққа бет бұруы мүмкін екенін «Айта берсін» бағдарламасында айтты, деп жазады Sn.kz.

«Димаш дипломын қолға алды. Ол жастайынан ұстаздықты жақсы көретін. Болашақта ұстаздықпен айналысуы ғажап емес. Десе де, алда не күтіп тұрғанын Алла ғана біледі. Бүгінде оқуын композиция саласы бойынша жалғастырмақ ниетте. Сол себепті жұмыс арасында концерттік шаралар арқасында көптеген ізденісін қағаз бетіне түсіріп жүр. Болашақта өзінің саласы бойынша зерттеу жұмыстары нәтиже беріп жатса, оны да көре жатармыз», — деді Қанат Айтбаев.

Сондай-ақ, әнші Димаштың өздеріне арнаған әні толықтай көңілдерінен шыққанін жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: