«Қалаулымға» қыз іздеп келген түрік азаматы өзіне Байзақовадай қалыңдық керек екенін айтты

sn.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2018 23:51 sn.kz
Түрік азаматының қазақ қызын менсінбей кеткені студияда қонақ болып отырған жігітке ұнамай қалды.

Көпшіліктің сынына ұшыраған «Қалаулым» бағдарламасына қатысқан түрік азаматы студияда танысқан қазақ қызын менсінбей қойды. Айтуынша, ол Айжан Байзақовадай аруларды ұнатады екен, деп хабарлайды Sn.kz.

«Кешіріңіз, маған Айжан Байзақовадай қыз керек. Ол ештеңеден қорықпайды. Ешкімге де қарамайды. Маған сондай қыз қажет», – деген түрік азаматы бағдарлама ортасында кетіп қалған.

Түрік азаматының қазақ қызын менсінбей кеткені студияда қонақ болып отырған жігітке ұнамай қалды. Ол намысқа тырысып, үміткер орнына жайғасқан. Сондай-ақ, артынша Эльмираға сырлас досы болуға ұсыныс тастайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: