Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда 10 миллионнан астам электронды денсаулық паспорты жасалды

ult.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2018 20:48 ult.kz
Жылдың соңына дейін еліміздің кез келген жерінен қолжетімді болу үшін денсаулық паспорты Денсаулық сақтау министрлігінің бірыңғай алаңында еліміздің жиналады.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 10 миллионнан астам денсаулық сақтау паспорты жасалды деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

«Өткен жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі электронды денсаулық паспортының құрылымы бойынша HLC стандарттарын жариялады. Медициналық ақпараттық жүйелерді әзірлеушілер өз жүйелерінің жергілікті деңгейде әрі қарай республикалық деңгейде ықпалдастыра отырып дамыта бастады», - деді ол брифингте.

Оның айтуынша, 2018 жылдың қаңтарынан бастап осы жүйеге 4 аймақ кірген, ал шілде айынан бастап барлық өңірлер қағазсыз құжаттама жобасына қосылған.

«Қазіргі таңда 10,2 миллион жергілікті электронды денсаулық паспорты жасалды. Жылдың соңына дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі паспорттардың синхрондалатын алаңын іске қосады. Қазіргі мәселе қандай? Егер сізге бір аймақта ЭДП жасалса, онда мысалы, Алматыға іссапармен келгенде, мәліметтер қол жетімсіз болады», - деп түсіндірді агенттік өкілі.

Осы мәселені шешу үшін, О.Әбішевтің айтуынша, биылғы жылдың аяғына дейін бірыңғай платформаны іске қосып және оның негізінде 10,2 млн ЭДП үйлестіру жоспарланып отыр.

«Қай ауруханада, қай өңірде екеніне қарамастан, науқас туралы жинақталған барлық деректер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің серверлерінде сақталуы тиіс және жеке болсын, мемлекеттік болсын, барлық медициналық ұйымдарға қолжетімді болуы тиіс», - деді вице-министр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: