Бокс аңызы Майк Тайсон Головкин-«Канело» жекпе-жегіне баға берді

Ол өзінің «Канелоның» жанкүйері екенін айтты.
Ауыр салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсон қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің қарымта кездесуі аяқтала салысымен, жекпе-жекке баға берді, деп жазады Stan.kz.
«Тамаша жекпе-жек. «Канело» жеңді. Керемет жекпе-жек болды», – дейді Майк Тайсон.
Сондай-ақ, ол өзінің «Канелоның» жанкүйері екенін айтты.
Айта кетсек, 16 қыркүйекте Лас-Вегастегі T-Mobile Arena-да 12 раундқа жоспарланған Головкин-“Канело” жекпе-жегі толық өтті. Кездесуде кімнің жеңіске жеткенін төрешілер шешіп, ұпай саны бойынша жеңісті Сауль Альвареске берді (115-113, 115-113, 114-114). Осылайша, отандасымыз Геннадий Головкин спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тауып, орта салмақ дәрежесіндегі WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерінен айырылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript