Шымкентте нанның бағасы қымбаттады

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2018 21:25 Хабар 24
Нан бағасының бұлайша шарықтауын жауапты қауымдастық басшысы бидай ұнының көтерілуімен түсіндіреді.

Шымкентте базарлар мен дүкендерде бұрындары 50 теңгеге сатылып келген ас атасы енді 60 теңгеден саудалануда, деп хабарлайды Хабар 24.

Нан бағасының бұлайша шарықтауын жауапты қауымдастық басшысы бидай ұнының көтерілуімен түсіндіреді. Мәселен 3100 теңге тұратын бірінші сұрыптағы ұн қазір 700 теңгеге қымбаттаған екен. Ал нанның өзіндік құны 54 теңге. Наубайханадан дүкенге дейінгі тасымалды қоса есептегенде баға 55 теңгені құрайды. Нан бағасының күрт қымбаттауынан жергілікті билік те хабардар көрінеді. Себебі сатушыларға жергілікті қала әкімдігі нан бағасын 60 теңгеден асырмай сатуға нұсқау беріпті.

- Ең бірінші жаңағы ұнның қатты қымбаттап кетуіне байланысты. Одан басқа да нан пісіруге қажетті ашытқы дейміз, тұз, өсімдік майы электр энергиясы газ және сулардың қымбаттауына байланысты. Сондай-ақ тасымалдауға кететін бензинде қымбаттап отыр, - дейді «Нан қауымдастығы» ҚБ төрағасы Әбдімәлік Көмекбаев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: