Жаңалықтар тізбегі
0

Хан жолына арналған экспедиция Түркістанда

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2018 23:53 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Осы экспедицияда аясында топографиялық карта дайындалмақ. Ал, сапардан соң Көкшетауда республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу жоспарланып отыр.

Бүгін Түркістан қаласына «Абылай ханның қара жолы» экспедициясы келіп жетті. Бұл экспедиция Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылғы 17 қыркүйек күні Бурабайдағы Абылай хан алаңынан бастау алған.

Үш көлікпен сапарға шыққан 10 азамат 18-ші ғасырдағы «Көкшетау-Ақмола-Ұлытау-Түркістан» керуен жолымен мыңдаған шақырым жол жүріп, қазақ даласының тарихын зерттеген. Түркістан облысы әкімдігінде өткен жиында жоба жетекшісі Мұрат қажы Ыдырысұлы бұл іс-шараның мақсаты туралы кеңінен айтып берді.

— «Абылайханның қара жолы» жобасының ата-бабалар тарихын жаңғыртудағы маңызы зор. Біздің тобымызда тарихшы, географ, өлкетанушы ғалымдар мен тілшілер және зиялы қауым өкілдері бар. Олар жол бойындағы ауылдарға соғып, аңыз-әңгімелер жинап, сапар барысында кездескен тарихи орындарды белгілеп, қағазға түсірді. Сапар қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жарық көреді. Экспедиция бүгін Абылай хан мәңгі қоныс тепкен ұлы шаһар — Түркістанға келіп отыр. Түркістан облысы құрылып, шежірелі қаланың жаңа дәуірі басталып жатыр екен. Сіздерді осы қуанышты оқиғамен құттықтаймын. Түркістанның қазақ тарихында орны ерекше, — деді экспедиция жетекшісі.

Жиында экспедицияның өзге қатысушылары да тарих, өлкетану жөнінде келелі ойларын айтып, Түркістан қаласының болашағы жарқын болатынына сенімдерін білдірді. Өз кезегінде Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы Гаухар Пірімбетова Абылай ханның қара жолы солтүстік пен оңтүстікті байланыстырған ең төте жол болғандығын жеткізді.

«Хан оны саяси және экономикалық мүддеде пайдаланған. Жалпы Абылайға қатысты «Абылайдың қара жолы», «Абылайдың қара қосы» деген ұғымдар күні бүгінге дейін ұрпақтар санасында жаңғыра отырып жеткен. «Қара» деген сөздің өзі қазақ тілінде «қасиетті», «көне», «үлкен», тағы басқа мағыналарды беретінін ескерсек, «Абылайдың қара жолы» тіркесінің мағынасын – жалпыға мәлім даңғыл керуен жолы деп түсінуге болады» - деп атап көрсетті ол.

Осы экспедицияда аясында топографиялық карта дайындалмақ. Ал, сапардан соң Көкшетауда республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу жоспарланып отыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2018 23:53, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2018 23:53, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2018 23:53, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2018 23:53, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2018 23:53

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: