Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның запастағы офицерлері әскери жиынға тартылды

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты
30 күн бойы 300-ге тарта әскерлер мамандықтары бойынша білім алады.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының оқу орталығында әскерге міндетті запастағы офицерлерге арналған бір айлық жиын басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

30 күн бойы 300-ге тарта әскери міндетті азамат радиотехника, байланыс және радионавигация, әуе шабуылына қарсы құрлық әскерлері және зенитті зымыранды әскерлер мамандықтары бойынша білім алады.

Жиынның мақсаты – бейбіт өмірден соғыс уақытына көшіру барысында запастағы офицерлердің функционалдық міндеттерімен танысу, жауынгерлік дайындығын және әскери тапсырмаларды сапалы орындау қабілетін арттыру.

Оқу курсы әскери институттың білікті ұстаздарының қару-жарақ және жарылғыш заттар, әскери техникалармен, сондай-ақ химиялық зиянды заттармен жұмыс бойынша дәрістерімен басталып, алғашқы медициналық көмек көрсету, дене дайындығы пәндерімен жалғасын тапты.

Жиынға қатысушы офицерлер институт тарапынан жатын орынмен, әскери киімдермен, сондай-ақ азық-түлікпен толықтай қамтамасыз етілген.

- Әскери міндеттілерге арнап далалық жағдайдағы дәріс және оқу-жаттығу алаңдары арнайы дайындалды. Институтымыздың білікті офицер-ұстаздары кәсіби шеберліктерімен бөлісіп, білім беруде, - деді институт бастығының орынбасары полковник Мұрат Олжабаев.

Полковник М.Олжабаевтың айтуынша, Үкімет қаулысымен бекітілген аталған жиынға 22-37 жас аралығындағы әр саланың мамандары шақыртылған. Олардың қызмет орны сақталады, жиынға қатысқаны үшін еңбекақы төленеді.

- Мен радиобайланыс мамандығы бойынша дайындықтан өтудемін. Әскери ант қабылдадым, бұл мен үшін зор қуаныш. Күрделі далалық оқу-жаттығуларға қатысып, әскери біліктілігімді жетілдіргенімді мақтан етемін. Қазақстан армиясының әлеуеті арта берсін, - деген тілектемін деді өз кезегінде «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның жетекші маманы 23 жастағы запастағы лейтенант Әлібек Шаяхметов.

Әр демалыс сайын әскери міндеттілерге арнап Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының «Байланыс жігіттері» көңілді тапқырлар командасы өз әзілдерімен бөліссе, еліміздің өнер қайраткерлері концерт қойып келеді. Жиын аяқталған соң Алматының көрікті жерлеріне саяхат жоспарланған.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-09/thumbs/1537805938_0001.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-09/thumbs/1537806018_0004.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-09/thumbs/1537805959_0008.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-09/thumbs/1537806063_0009.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-09/thumbs/1537806012_0013.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз