Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы әкімі «Сайран» өзенінің айналасын абаттандыруды жалғастыруды тапсырды

almaty.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2018 23:32 almaty.gov.kz
Биыл су қоймасының батыс бөлігінің беткейлері реттелді, сатылы түсу жолы жөнделді, 7 га жер газондалды, жарық көздері орнатылды, асфальт төселіп, балалар және спорт алаңдары көріктендірілді.

Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Сайран» өзенінің айналасын аралап көрді және келер жылы да абаттандыру жұмыстарын одан әрі жалғастыруды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің хабарлауынша, биыл су қоймасының батыс бөлігінің беткейлері реттелді, сатылы түсу жолы жөнделді, 7 га жер газондалды. Бұлардан өзге, жарық көздері орнатылды, асфальт төселіп, балалар және спорт алаңдары көріктендірілді.

Осыған ұқсас жұмыстар шығыс бөлікте де атқарылды, көше жиһазы қойылып, жаңадан 130 жарық бағаналары орнатылды,воркаут- алаң мен жағалау волейболының алаңы көріктендірілді. Жүгіру мен велосипед тебуге арналған 5 км жол жасалды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2018 23:32

Өз кезегінде мегаполис әкімі келер жылы да өзен маңын абаттандыру жұмыстарын жалғастыруды, ал аудан әкімдіктеріне өзенге жақын аумақтарды көріктендіру, спорт және балалар алаңдарының санын көбейтуді тапсырды.

Айта кетерлігі, жалпы Алматыда биылғы жылы 524 көше жөнделді, 1400 ескі аула жаңарды. 300 км арық салынды және жөнделді, 800 км инженерлік желі тартылды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2018 23:32

Қаланың барлық жер асты өтпелі жолдары жаңарды. Жыл аяғына дейін барлық көше жарықтарының үштен бірі жарық диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: