Жаңалықтар тізбегі
0

"Ақтөбе" футбол клубы саудаға қойылды

today.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2018 18:54 today.kz
Сайттағы ақпаратқа сәйкес, клубтың бастапқы құны – 100 миллион теңге, сенім басшылығын тапсыру мерзімі – жеті жыл.

ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және приватизация сайтында "Ақтөбе" футбол клубының тендерге қойылғаны туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Today.kz.

Сайттағы ақпаратқа сәйкес, клубтың бастапқы құны – 100 миллион теңге, сенім басшылығын тапсыру мерзімі – жеті жыл.

Клубты берудің бір шарты – басшылық еткен уақытта "Ақтөбе" футбол клубының негізгі құрамының бас жаттықтырушысы мен бірінші басшысын тағайындау және жұмысынан босату мердігермен келісе отырып жүргізіледі. Қазір клубтың мердігері – Ақтөбе облысы қаржы басқармасы.

Меншік иесі тағы бір шарт ретінде қазіргі құрамның 75 пайыздан аз сақталмауын атап отыр. Сайтта көрсетілгендей, қазір қызметкерлердің жылдағы орташа саны – 160 адам. Соңғы шарт – Ақтөбе облысында балалар футболын дамыту.

Клубты сенім басшылығына алған адам оның 100 пайыз акциясын иеленеді, бұл дегеніңіз – 123 386 дана. Одан бөлек, клубтың кредиторлар алдындағы барлық қарызын өтеуі керек. Қарыз көлемі аз емес. Бухгалтер қағазында көрсетілгендей, 2016 жылдың басында қысқа мерзімді қарыз көлемі 471 815 мың теңге болған, 2017 жылдың соңында 80,1 пайызға өсіп, 849 750 мың теңгеге жеткен. Міндетті салық 2016 жылы 181 597 теңге болса, 2017 жылы бұл қарыз 76,94 пайызға өскен.

"Ақтөбе" футбол клубы қаржылай түрде тұрақсыз екені айтылған, соңғы уақытта қарыздары өсіп, ол қаражатты қайтаруға қауқарсыз болып отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: