Израиль Иранға қарсы күресін жалғастырмақ
Хабар 24
Бұл туралы Премьер-министр Биньямин Нетаньяху мәлімдеді.
Израиль Иранға қарсы Сириядағы операциясын жалғастыра береді, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.
Бұл туралы Премьер-министр Биньямин Нетаньяху мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресейдің Шам еліне С-300 зымырандық кешенін жіберу жоспары Израильдің Иранмен күресіне кедергі келтіре алмайды. Еске салсақ, қыркүйектің 17-сі күні Сирия әуе күштері Израиль ұшақтарынан қорғанамыз деп, ресейлік Ил-20 әскери әуе көлігін атып түсірген болатын. Осыдан кейін Ресей Сирияны С-300 әуе қорғаныс кешенімен қамтамасыз ететінін мәлімдеді. Себебі Мәскеудің пайымдауынша, Израиль өз ұшақтарының осы аймақтағы операциясы туралы алдын ала ескертпеген. Алайда Тель-Авив мұндай айыптарды теріске шығарды.
– Соңғы үш жылда Израиль Иран әскерилерінің Сирияда бекініп тұрақтануына қарсы күресіп, көп жетістікке жетті. Біз алдағы уақытта да бұл мемлекеттің мұндай талпыныстарына жол бермейміз. Және де енді ресейлік әскерилермен байланысты күшейтетін боламыз. Екі ел өкілдері осы мәселе бойынша жақын арада кездесу өткізеді, - деді Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript