Ресейде зейнетке шығу жасы ұлғаяды

qamshy.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2018 16:02 qamshy.kz
Жобаға сәйкес енді зейнетке шығу жасы әйелдер үшін 55-тен 60-қа, ал ерлер үшін 60-тан 65-ке дейін ұлғайтылды.

Ресей Мемлекеттік думасы екінші оқылымда зейнеткерлік жасын ұлғайту туралы заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Хабар 24.

Жобаға сәйкес енді зейнетке шығу жасы әйелдер үшін 55-тен 60-қа, ал ерлер үшін 60-тан 65-ке дейін ұлғайтылды. Зейнеткерлік жасы әр жыл сайын жарты жылға көбейіп, шара 10 жылға созылады. Ал еңбек өтілі бойынша әйелдерге 37, ерлерге 45 жастан шығуға болады. Бұдан бөлек көпбалалы аналардың да зейнеткерлікке ерте шығуы қарастырылған. Реформа сондай-ақ әскерилер мен полиция және арнайы қызмет өкілдеріне де ықпал етеді. Сонымен қатар депутаттар зейнет жасы тақап қалған азаматты қызметтен босатуға қатысты қылмыстық жазаны қатаңдатты.

Еске сала кетейік, биыл жазда Ресейдің ондаған қаласында осы заң жобасына қарсы наразылық шерулері өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: