Жаңалықтар тізбегі
0

Біз Тәжікстанға әрдайым көмек көрсетіп, қолдау білдірдік - Назарбаев

akorda.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2018 15:24 akorda.kz
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті.

Мемлекет басшысы биылғы 28 қыркүйекте өтетін ТМД елдері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Душанбе қаласына келді, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді.

Кездесуде тараптар екі жақты қатынастардың қазіргі мәселелерін және экономиканың түрлі секторларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективаларын талқылады.

– Елдеріміз арасында өзара сенімге негізделген қарым-қатынас орнады. Біз Тәжікстанға әрдайым көмек көрсетіп, қолдау білдірдік. Бүгінде осы ынтымақтастығымызды тереңдетіп, өзара сауда-саттықты ілгерілетуді көздеп отырмыз, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдері арасындағы байланыстарды одан әрі нығайту және интеграциялық үдерістерді кеңейту үшін шаралар қабылдаудың маңызды екеніне назар аударды.

Тәжікстан Президенті екі ел арасында қалыптасқан қатынастардың стратегиялық сипаты туралы айтты.

– Қазақстан – Тәжікстанның негізгі стратегиялық және экономикалық әріптестерінің бірі. Біздің сауда-экономикалық қатынастарымыз кеңейіп келеді, – деді Э.Рахмон.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық аренадағы беделін ерекше атап өтіп, экономикалық және саяси тұрғыдан қолдау көрсеткені үшін Қазақстанға ризашылық білдірді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: