Жаңалықтар тізбегі
0

Қыздар Университетінің ғалымдары алғашқы өнертабыс патентіне ие болды

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2018 20:34 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Бұл патент – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің алғашқы өнертабыстық инновациялық патенті.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ғалымдары «YbBiNaFeO5 құрамды висмутты – ферритті алу жолы» атты патентке ие болды. Инновациялық өнертабыс наноқұрылымды бейорганикалық материалды синтездеп алғаны үшін беріліп отыр. Бұл туралы zakon.kz оқу орнының Баспасөз орталығының басшысы Жандар Асан берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, химия ғылымдарының докторы, профессор Мұхаметқали Матаевтың жетекшілігімен Қыздар Университетінің бір топ ғалымы бірнеше жылдан бері Жаратылыстану факультетінің базасындағы Кешенді химия-биологиялық ғылыми-зерттеу орталығында тәжірибе жүргізіп келеді. Ұзақ жылғы ғылыми ізденістің нәтижесінде олар күн энергиясын түрлендіру құрылғыларына магниттік жартылай өткізгіш материалы ретінде, спинтроника, микроэлектроника және компьютерлік техника құрылғыларына материал ретінде қолданыла алатын өнертабысқа қол жеткізіп отыр.

Жандар Асанның ақпаратына сүйенер болсақ, бұл патент – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің алғашқы өнертабыстық инновациялық патенті.

Оқу орнының Кешенді химия-биологиялық ғылыми-зерттеу орталығы ғылыми, қоғамдық және басқа да ғылыммен айналысатын ұйымдармен бірлесе отырып ғылыми жобаларды дайындау және жүзеге асыру жұмыстарына қатысады.

рталықтың жұмыс істеу бағыты бойынша қызметкерлерге, университеттің білім алушыларына қызмет көрсетуге жоспарланған. Орталықтың ғылыми-зерттеу жұмыстары химия және биология кафедраларының бірнеше ғылыми бағыттарына сәйкес жүргізіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: