ШҚО тұрғыны арқардан төл алам деп істі болды
inform.kz
Заңсыздыққа жол берген тұрғынмен қатар арқардың да тағдырын сот шешпек.
Зайсан ауданында арқарды қолға үйретпек болған ауыл тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26 қыркүйек күні полиция капитаны Дәурен Мәукенов өзіне тиесілі аумақты аралап жүріп, 55 жастағы тұрғынның қорасынан арқар көреді.
«Тұрғын арқарды осыдан бір ай бұрын әкелгенін, қорадағы қойының нәсілін сапалы ету үшін арқармен шағыстырмақ болғанын мойындаған. Қызыл кітапқа енген жануарды заңсыз ұстағаны үшін ауыл тұрғынына қарсы сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - делінген облыстық ішкі істер департаментінің ақпаратында.
Заңсыздыққа жол берген тұрғынмен қатар арқардың да тағдырын сот шешпек.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript