Индонезияда жер сілкінісінен мерт болғандар саны 1,2 мыңнан асты
Индонезияның Сулавеси аралында болған жер сілкінісі мен ценами салдарынан қаза тапқандар саны 1,2 мың адамнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Құтқарушылардың айтуынша, құрбандар саны бұдан да көбейеді. Себебі зілзаланың ошағы орналасқан (магнитудасы 7,4) Дунгала ауданынан (Орталық Сулавеси провинциясы) жаңа мәліметтер түсе бастаған», - деп жазды газет.
Еске салайық, жұма, 28 қыркүйек күні Паулу қаласына жақын орналасқан Сулавеси аралында 6,1 және 7,4 магнитудасымен екі жер сілкінісі болды. Қуатты жерасты дүмпулері биіктігі екі метрден асқан цунамидің туындауына әкеп соқтырды. Соңғы мәліметтер бойынша, 1,2 мыңнан астам адам қаза тапқан. Ел үкіметі бұл сан әлі де артуы мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, екі күннен бері Сулавеси аралын астан-кестең еткен табиғи апаттан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады.