WhatsApp-та таралған бала ұрлығы туралы ақпарат жалған - ІІМ

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2018 17:54 Baq.kz
Еліміздің аумағында балаларды ұрлауға қатысты қылмыс тіркелген жоқ.

ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы «бала ұрланды» деген ақпараттың жалған екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«WhatsApp-та балаларды ұрлауға қатысты тараған ақпарат шындыққа сәйкеспейді. Еліміздің аумағында балаларды ұрлауға қатысты қылмыс тіркелген жоқ. Көпе көрнеу жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған» - деді Алмас Садубаев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: