Жаңалықтар тізбегі
0

Қабдеш Жұмаділов: 6 айдан кейін жуынғанымда үстімдегі кір бірталай уақытқа дейін кетпей жүрді

stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2018 21:04 stan.kz
Қытайға қайтып оралып, сүргінде жүрген Қабдеш ағамыз біраз қиыншылықтар көргенін еске алды.

1962 жылы Қытай мемлекетіндегі 200000 қандастарымыздың көшін бастап келген Қабдеш Жұмаділов бақилық болар алдында да шетте жүрген қазақтар алдындағы еңбегін еске алып өлетін шығармын дейді. Бұл туралы ол «Қазақстан» телеарнасының «Дара жол» бағдарламасында мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Шетелде отанын сағынып жүрген қазақтың басын қосқан бүгінде еліміздің танымал жазушысы Қабдеш аға сол қиын жылдарда қазақтың дарынды тұлғасы Мұхтар Әуезовпен танысып, аз уақыт болса да араласқан кездерін еске алды.

Жұмаділовтың айтуынша, 1956 жылдары Қытай үкіметі Ресеймен саяси жақсы қарым-қатынаста болған кездері Совет одағының мемлекеттеріне елу үздік студенттерді жібереді. Солардың қатарында болған Қабдеш аға Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіне түседі.

Сол тұста шеттен қандасы келгенін біліп, Мұхтар Әуезов студент Қабдешті шақыртқан. Ол сонау Қытайдан келген жерлесінің әңгімесін өз аузынан естімекші болған. Қабдеш ағаның сөзіне сенсек, Әуезовтен басқа бірде бір жазушы көңіл бөліп, бұлар кім деп сұрамаған.

Әңгіме барысында Мұхтар Қытайда қанша қазақ бар екенін, қалай өмір сүретіндерін сұраған екен. «Қытайдағы қандастарымыздың тұрмыс-тіршілігіне алаңдаушылық танытып, баспасөз саласы қалай жұмыс істейтінін, мектептің бар-жоқтығын білген. Тіпті ол жақтағы танымал жазушылар туралы сұрастырып, өзінің «Абай жолы» романымен шеттегі қазақтардың таныс екенін де естіп таң қалды», – дейді Қабдеш ағамыз.

Ары қарай «Абайтану» пәні бойынша дәріс оқыған Мұхтар Әуезовтің сабақтарына қалмай барған студент Қабдеш оған әбден бауыр басып, қайтыс болғанын естігенде пора-пора болып жылағанын еске алды.
Қытай мемлекеті жіберген студенттерін кері қайтаруға бел буған кезде, Қабдеш алдымен Әуезовпен қоштасуды жөн тапқан. Өзінің айтуынша, Мұқаң оларға ара түседі ме, кері қайтармау қолынан келіп, алып қалса деген ой болған екен. Бірақ ол «шетелдің ісіне араласа алмаймыз, жіберуден басқа амалымыз жоқ қой» деп жұбату сөздерін айтқан-ды.

«Маған айтқаны «Жазушы боламын деген адамға Құдай өзі осындай кедергілер береді, кейін қайтадан жолыңды ашады. Мүмкін ол жаққа өмір-баяныңды байытайын деп жіберіп жатқан шығар. Бастысы сен жасыма!» деп айтқан еді Мұқаң», – деп еске алды Қабдеш аға.

Осы жерден жолдары бөлінген қазақтың дарынды тұлғалары ендігі бір-бірін көрмеді. Кейін Әуезовтің қайтыс болғаны туралы естіп, айдауда жүрген Қабдеш Жұмаділовтің көңілі қатты босап, ағыл-тегіл болып жылаған.

Қытайға қайтып оралып, сүргінде жүрген Қабдеш ағамыз біраз қиыншылықтар көргенін еске алды.
Төрт жыл бойы ешқандай жағдай жоқ мекенде жер асты шахтасында қызмет атқарған. Өзінің сөзінше, алты ай бойы жуынуға мүмкіндіктері болмаған. Жарты жылдан кейін жуынған Қабдеш ағамыз үстіндегі кірінің бірталай уақытқа дейін кетпегенін айтады.

Артынша Шәуешек қаласына жіберіліп, сол кезден бастап Қазақстан жеріне көшуді мақсат қойған ағамыз қалтасынан Қазақ ұлттық университетінің студенттік билеті мен сынақ кітапшасын тастамай жүрген. Кез келген кезде қазақтың жеріне қашып, ұлттық университетке келіп, қалған жылдарын тәмамдау еді оның арманы. Алайда артында қалып қоятын қазақ жұртын ойлап, Совет одағына хаттар жолдай бастаған. Солай шекаралардың ашылып, шеттегі қандастарымыздың елге оралуына үлкен еңбек сіңірген Қабдеш ағамыз Алматыға оралып, Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін аяқтауға мүмкіндік алған. Осылай өз жұртына берері мол болған белгілі тұлға еліне қызмет етуді жалғастырған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: