«Қазақша сөйле»: Атышулы Оғыз Доған ЭКСПО көрмесіндегі роботпен ұрысып қалды
sn.kz
Робот болса, сонда да ресми тілде сөйлеп, Оғыз Доғанды ашуландырды.
Мемлекеттік тілде қызмет көрсетпеген Air Astana компаниясымен соттасып, жеңіп шыққан түрік азаматы Оғыз Доған енді Экспо-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі роботқа шүйлікті. Қоғам белсендісі «Нұр Әлемде» орналасқан бұл роботтың қазақша сөйлемегеніне ренжулі, деп жазады sn.kz.
«Қазақша сөйле. Мені мақтағаныңды қойшы, мемлекеттік тілде сөйле. Ұятың жоқ сенің. Қазақстанды сыйламайсың ба?», - дейді ол видеода.
Робот болса, сонда да ресми тілде сөйлеп, Оғыз Доғанды ашуландырды. Ал жасанды интеллектіні қазақша сөйлете алмаған блогер оның үстінен сотқа шағым түсіретінін айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript