Жаңалықтар тізбегі
0

Елде жиналған астықтың жартысына жуығы экспортталады

mgov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2018 15:18 mgov.kz
Ақмола облысында бүгінгі күні егіннің 82 проценті жиналды.

Күзгі жиын-терім науқанының алғашқы күндерінде күн қолайсыздау болғанымен, биыл бидай бітік шыққан, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Астықты өңірлер Ақмола, Петропавл, Қостанайда орташа түсім 11-17 центнерден айналса, Қарағанды облысының кей диқандары егінжайды цифрлық жүйеге көшіру арқылы әр гектарынан 40-60 центнерге дейін өнім жинап жатыр.

Ал республиканың батыс аймағында, керісінше, биыл қуаңшылық болып, диқандарды қуанта қоймады.

Сонымен, алтын дәннің қаншасы қамбаға түсті. Ел қамбасының үштен бірін астыққа толтыратын солтүстікқазақстандық диқандар күзгі жиын-терім науқанын қазан айының 10-ына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Сондықтан ауа райы оң қабақ танытып тұрғанда шаруалар екі ауысымдық жұмыс кестесіне көшкен. Ризығын жерден табатын диқандар алажаздай баптап, бітік шыққан егіннің 83 пайызын жинап үлгерді. Бұл – шамамен 4 миллион тонна бидай.

Қуандық Шакубаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары: - Техника, жанар-жағармаймен еш проблема жоқ. Жұмыстар кестеге сай жүріп жатыр. Былтыр біз орақты 7 қазан күні аяқтаған едік. Енді жауын-шашын болмаса, барлық астықты 10 қазанға дейін орып алуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар биыл жиналған астықты кептіруге мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағамен қосымша 14 мың тонна дизель отыны бөлінді.

Ақмола облысында бүгінгі күні егіннің 82 проценті жиналды. Орташа өнімділік гектарына 12 центнерден келеді. Дегенмен бұдан 2 есе көп өнім алып жатқандар да бар. Мәселен, Қорғалжын ауданының Кеңбидайық ауылындағы серіктестік 4400 гектарға элиталық тұқым сепкен. Мамандардың айтуынша, биыл облыстағы егістік алқаптарының 6 проценттен астамына өнімділігі жоғары дәнді-дақыл сіңіріліпті.

Атымтай Темірбаев, шаруашылық агрономы: - Норма бойынша осы жақта 120-130 себеді. Біз 70-80 кг септік. Оған қарамастан, міне, соның құнарлығы арқасында егініміз көп сепкендерден артық боп тұр. Былтыр 7-8 алыпты. Соның шамасында. Енді біз биыл 2 есе алайын деп отырмыз ғой.

Ал Батыс Қазақстанда биыл қуаңшылық болды. Сондықтан дәнді-дақылдардың түсімі де диқандарды қуантпады. Күзгі жиын-терімнің қорытындысы бойынша, астықты алқаптардың әр гектарынан орташа есеппен 6,9 центнерден өнім алынса, қамбаға құйылған бидайдың жалпы салмағы 168 мың тонна. Бұл өткен жылғыдан екі есе аз.

Қуанышқали Есімов, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы: - Қуаңшылық жылы деп есептейміз. Сондықтан тауар өндірушілерден 31 400 гектар есептен шығарылды. Сонымен қатар басқа аумақтардан қажетті дәнді-дақылдар әкелініп жатыр. Осыған байланысты біздің облыста тиісті ұн және азық-түлік және мал азықтық ретінде дәнді-дақылдар толықтай жеткілікті.

Биыл Қарағанды облысының диқандары жауын-шашынның салдарынан жиын-терім науқанын бір ай кеш бастады. Сондықтан әлі күнге егістік алқаптың тек 65 пайызын ғана орып болған. Түсім жақсы болғанымен, бидайдың ылғалдылығы жоғары. Дегенмен биыл өңірдегі екі шаруашылық егінжайды цифрлық жүйеге көшіру арқылы бұрын-соңды болмаған өнім жинады. Әр гектарына 40 және 60 центнерден айналуда.

Георгий Прокоп, шаруа: - Қазір біздегі бидайдың ылғалдылығы 14 пайыз. Ал өнімділік 15-16 центнерден асады. «Ауыл шаруашылығын цифрландыру» бағдарламасы арқылы сынақ түрінде еккен 500 гектар алқаптан 40 центнерге дейін бидай жинадық. Бұл – өте жоғары көрсеткіш. Келесі жылы мұндай егістік алқапты ұлғайтамыз.

Қостанай облысында да бастапқы болжам бойынша егін орағы қазанның 1-іне дейін аяқталуы тиіс еді. Алайда күздің алғашқы күндері жауған жаңбыр жұмыс барысына біраз кедергі келтірген. Бүгінгі күні диқандар жалпы алқаптың 92 пайызын орып алды. Астық түсімі гектарынан 11 центнерден айналып, әзірге төрт миллион тоннадан астам өнім жиналды. Қамбаға құйылған бидайдың басым бөлігі 3-сұрыпты деп бағаланып отыр. Қазіргі кезде облыстың оңтүстігіндегі 4 аудан жиын-терім жұмыстарын толық аяқтаса, солтүстік аудандарда әлі созылатын түрі бар. Және диқандарды бидайдың шектен тыс ылғалдылығы да алаңдатуда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: