Жаңалықтар тізбегі
0

2020 жылға қарай тегін дәрі-дәрмектер тек электрондық түрде беріле бастайды

turkystan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2018 17:58 turkystan.kz
2019 жылдан бастап барлық дəрі-дəрмектің бағаларын реттеу жүйесі əзірленіп, оны іске қосу жəне дəрі-дəрмектік, пилоттық қадағалау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.

Денсаулық сақтау саласының өзекті проблемалары мен медициналық қызмет көсету сапасын арттыру мәселесі қарастырылған үкімет отырысында министр Елжан Біртанов дəрі-дəрмек бағасын реттеу жүйесі қашан іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Өзекті проблемалардың бірі - азаматтардың дəрімен қамтамасыз етілу құқықтарын сақтау. Біз жылдың басынан бастап халықтан түскен 3 мыңнан астам шағымға талдау жүргіздік. Олардың басым көпшілігі дəрілік заттарды сатып алуды жоспарлаудың тиімсіз жүйесі және дəрілік қамтамасыз ету рəсімдерінің ашық болмауымен байланысты", - деді Біртанов.

Оның айтуынша, 11 өңірде жалпы құны 4,3 млрд теңге болатын 2016-2017 жылдарға арналған дәрі-дәрмектердің пайдаланылмаған қалдықтары анықталған.

«Дәрі-дәрмектергеу деген өтінімдерді дұрыс жоспарламағаны белгілі болды. Үш облыс өтінім берген көлемнен бас тартты: Қызылорда облысы 600 млн теңге, ОҚО - 500 млн теңге, Қарағанды облысы - 400 млн теңге», - деп атап өтті Е.Біртанов.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік бағдарламада көзделген азаматтарды дəрімен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар барлық тегін дəрі-дəрмек беруді дербестендірілген электрондық есепке алуды қамтиды.

"Мемлекет басшының тапсырмасына сәйкес, келесі жылдан бастап барлық дəрі-дəрмектің бағаларын реттеу жүйесі əзірленіп, оны іске қосу жəне дəрі-дəрмектік, пилоттық қадағалау жүйесін енгізу жоспарланып отыр. 2020 жылға қарай дəрілік қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі арқылы рецепторлық препараттарды тек қана электрондық түрде босатамыз", - деді Елжан Біртанов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: